Ішкі істер органдарының 34 жастағы қызметкері Ақтөбе облысында екі адамды қағып өлтірген. Кейбір дереккөздің хабарлауынша, полиция қызметкері үйлену тойынан кейін мас күйінде Kia руліне отырған және жол-көлік оқиғасын жасап, салдарынан 25 және 26 жастағы ерлі-зайыпты қаза болған.
Ақтөбе облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Қызметтік тексеру жүргізілді, нәтижесінде жеті жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар да өз лауазымынан айырылды", - деп хабарлады ПД.
Ақтөбе полициясы екі адамды мерт қылған
Редакция
25 шілде 2024, 21:49
Жарнама