Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде бірқатар кадрлық өзгерістер жасалды.
-
Бауыржан Болатұлы Шәлекенов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
-
Ренат Құрметжанұлы Айтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды;
-
Ал бұған дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімін басқарып келген Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Мемлекет басшысының өкімімен атқаратын лауазымынан босатылды.