Елімізде балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейту мақсатында жаңа талаптар қарастырылуда. Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, көптеген ата-аналар нөмірді өздеріне тіркей салып, кейін оны балаларына ұстатады.
Осы олқылықтың орнын толтыру үшін үкімет eGov.kz порталында арнайы сервис ашуды жоспарлап отыр.
-
Ата-ана бұл жүйе арқылы өз нөмірін баласына бергенін ресми түрде көрсете алады.
-
Нәтижесінде ұялы байланыс операторлары бұл нөмірдің баланың телефонында тұрғанын түсініп, интернет трафигін шектейді және тыйым салынған контентті сүзгілейді (фильтрация жасайды).
Жасөспірімдердің интернеттегі шектеулерді VPN сервистері арқылы айналып өтетіні жасырын емес. Осы мәселені шешу үшін Қазақстанда телефондарға «детский» (балалар) құрылғысы мәртебесін беру механизмі пысықталып жатыр.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда, әсіресе білім беру ұйымдарында берілетін Wi-Fi желілерінде трафикті толық сүзгілеу жүйесі қамтамасыз етіледі. Бұл бағыттағы техникалық жұмыстар қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін, 18 қарашада Курултай депутаттары онлайн-платформалар мен масс-медиа туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Бұл құжат 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым салуды көздейді (тек мессенджерлер мен оқу жүйелері бұған кірмейді). Жаңа талаптар мен бұл қатаң шаралар өскелең ұрпақтың цифрлық қауіпсіздігін толық бақылауға алуға бағытталған.