Бүгін, 13 қараша күні елордада антитеррорлық оқу-жаттығу шаралары өтеді. Осыған байланысты қаланың бір аумағында күні бойы көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Арнайы жаттығулар сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қазақ ұлттық спорт университетінің аумағында ұйымдастырылады. Шара барысында Қарқаралы тасжолы, 15 мекенжайы маңында жүріп-тұруға шектеу енгізіледі.
Астана қалалық жедел штабының мәліметінше, бұл жаттығулар құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің террористік қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету дайындығын пысықтау мақсатында жүргізілуде.
Ресми органдар елорда тұрғындары мен қонақтарын жағдайға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға және оқу-жаттығу барысына кедергі келтірмеуге шақырды.