Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығында кадрлық өзгеріс жасады.
Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.
Президенттің тиісті жарлығымен босаған қызметке Марат Ирменов тағайындалды.