Басты жаңалықтар

Harvard World Model United Nations алғаш рет Қазақстанда өтеді

Редакция 14 қазан 2025, 12:38
Harvard World Model United Nations алғаш рет Қазақстанда өтеді

2026 жылы Астанадағы Spectrum International School мектебі әлемнің ең беделді білім жобаларының бірі – Harvard World Model United Nations (WorldMUN) конференциясын алғаш рет Қазақстанда өткізеді. Шара Harvard университетінің студенттері мен Learn with Leaders ұйымының серіктестігімен ұйымдастырылмақ.

? Harvard WorldMUN – әлемнің 110-нан астам елінен келген 2000-нан астам делегатты біріктіретін халықаралық білім алаңы. Конференцияда қатысушылар БҰҰ моделін ойнап, жаһандық мәселелерді шешу жолдарын талқылайды және шешендік, көшбасшылық пен дипломатиялық дағдыларын дамытады.

? Өтетін мерзімі: 2026 жылғы 9–11 қаңтар
? Өтетін орны: Spectrum International School, Астана
? Қатысушылар: 6–12 сынып оқушылары
? Қатысу ақысы: 400 АҚШ доллары
? Құжат: Harvard WorldMUN-нан ресми қатысу сертификаты беріледі

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл бастама Қазақстан оқушыларына әлемдік деңгейдегі академиялық тәжірибе мен халықаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Жарнама