Басты жаңалықтар

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын алды

Абдрахманов Мағжан
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын алды

Алматыда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші тур ойынында «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары 0:0 есебімен тең түсті.

Ойын 21 қазан күні Алматының Орталық стадионында өтті. Кездесу барысында қонақтар командасы төртінші минутта-ақ ойыншысы Араухо Корреяның тікелей қызыл қағаз алуына байланысты алаңда он адаммен қалды. Соған қарамастан, алматылықтар басымдықты пайдалана алмады.

Екінші таймда алматылықтар белсенді ойнағанымен, нақты нәтиже шығара алмады. 72-минутта  Драгомирдің соққысы қақпа маңдайшасынан кері серпіліп, Темірлан Анарбековтің арқасына тиіп, қақпаға еніп кетті. Алайда гол офсайд жағдайына байланысты VAR жүйесі арқылы есепке алынған жоқ.

Матч 0:0 есебімен аяқталып, командалар бір-бір ұпайдан еншіледі.

Бұл «Қайрат» үшін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ұпай болды. Бұған дейін алматылық клуб сырт алаңда «Спортингтен» (1:4) және өз алаңында «Реалдан» (0:5) ұтылған еді.

Жарнама