«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Ауа массаларының алмасуына байланысты еліміздің солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында найзағаймен қоса жаңбыр жауады. Ал орталық өңірлерде нөсерлетіп, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс өңірлер: 19-20 маусым күндері сынап бағанасы экстремалды +40…+43°C-қа дейін көтеріледі.
Республиканың қалған аумақтарында тұрақты ыстық сақталады.
Бүгін, 17 маусымда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Атап айтқанда:
Астанада: желдің жылдамдығы 15 м/с-қа дейін жетеді.
Алматыда: жел 13 м/с-қа дейін күшейіп, күн райы құбылмалы болады.
Шымкентте: найзағайлы жаңбыр күтіледі, екпінді желдің жылдамдығы 20 м/с-қа жетуі мүмкін.