"Қазгидромет" мамандары сәуір айының соңғы күндері мен мамырдың басында елдің бірқатар өңірінде күн суитынын ескертті.
Метеорологтардың мәліметінше, 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстан аумағына жаңбыр мен найзағай әкелген циклон ел аумағынан жылдам шығып кетеді. Оның орнына батыстан антициклон келіп, жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болады. Алдымен батыс өңірде, кейін солтүстік пен шығыста суыту байқалады.
Атап айтқанда:
-
29–30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында;
-
30 сәуір – 1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында
түнгі уақытта ауа температурасы 0°C-тан төмен түсіп, үсік жүруі мүмкін.