25 қазанда Астанада республика күніне орай бірқатар іс-шаралар өтеді.
Астана қаласының мәдениет басқармасының мәліметінше елордада мерекеге орай:
? 25 қазан күні сағат 15:00-ден 16:30-ға дейін орталық алаңда және елордалық саябақта мерекелік концерт өтеді. Концерттерге қазақстандық эстрада жұлдыздары мен би ансамбльдері қатысады. Сондай-ақ, "гір көтеру", "асық ату" және "қол күрес" сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
? Сондай-ақ Республика күніне орай Қошқарбаев, 29/1 мекен-жайы бойынша қарт адамдарға арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталығында дойбыдан сайыс өтеді.
25 және 26 қазанда сағат 19:00-де Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында автор Мұхтар Шахановтың қатысуымен “Танакөз” спектаклінің премьерасы өтеді.
? 26 және 27 қазанда сағат 19: 00-де жас көрерменнің музыкалық театрында “Гаухартас" спектаклі қойылады.