Тоқсан би ауылы маңындағы Есіл өзенінің деңгейі өткен тәулікте 3 см-ге көтерілген. Су Ақмола облысындағы Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендерінен келіп жатыр.
Мұндағы қауіпті деңгей 1450 см болса, қазір 1532-ге жеткен.
Петропавлда екінші күн өзгеріссіз. Ал мұндағы су қоймасында деңгей -5 см-ге түсті.
Су тасқынының екінші толқынының келуінен Сергеев су қоймасында деңгейі 3 см-ге жоғарылаған.