26 наурыз сағат 17:43-те Жамбыл облысы ТЖД телефонына Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесінің бойында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ауыл-Береке» базары маңында болған өртті өшіруге 16 адам жеке құрам және 4 техника жұмылдырылып, өрт 18:00–де ауыздықталған. Зардап шеккен және қаза болған адам тіркелген жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.