Мемлекет басшысының Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының бірқатар шет мемлекеттердегі елшілері мен халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдері тағайындалды:
- Еркебұлан Сәпиев – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін сақтай отырып, Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкіл лауазымын қоса атқаратын болды;
- Рауан Жұмабек – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Елшісі болып тағайындалды;
- Барлыбай Садықов – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, сондай-ақ Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқаратын болды. Ол бұған дейін атқарған Эфиопиядағы Елші қызметінен босатылды;
- Жалғас Әділбаев – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі болып тағайындалды;
- Сонымен қатар Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшісі қызметінен босатылды.