Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1,8 миллиардқа жуық адам жаттығулар жасамағандықтан, түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды dw.com
2010 мен 2022 жыл аралығында физикалық жаттығу жасамайтын ересек адамдар 5% пайызға өскен. 31% адам жеткілікті түрде жаттығу жасамағандықтан, қатерлі ісік, инсульт, деменция және қант диабетімен ауырады.
The Lancet Global Health журналының жазуынша, әлемде әйелдердің 34%-ы, ал еркектердің 29%-ы белсенді емес. Егер бұл тенденция жалғаса беретін болса, 2030 жылға қарай жаһандық көрсеткіш 35%-ға жететін болады.
ДДСҰ аптасына 150 минут орташа немесе 75 минут қарқынды физикалық жаттығуларды ұсынады.
Әмір Жәнібек