Атаулы даталар
2026 — мерейтойлар жылы:
▪️ Жамбыл Жабаевқа – 180 жыл
▪️ Ғабит Мүсіреповке – 125 жыл
▪️ Шоқан Уәлихановқа – 190 жыл
▪️ Әлихан Бөкейханға – 160 жыл
Ел көлемінде ғылыми, мәдени іс-шаралар өтеді
Жол құрылысы
2026 жылы Қазақстанда ірі жол жобалары іске асады.
11 000 км-ден астам автожол салынып, жөнделеді. Оның ішінде республикалық және облыстық маңызы бар
Қызылорда – Жезқазған бағыты толық жаңғыртылады.
Астана LRT
2026 жылы Астанада LRT іске қосылады.
Жобаның ұзындығы – 22 км
18 станция қаланың сол және оң жағалауын байланыстырады
Білім беру
Жаңа мектептер ашылады
2026 жылға дейін 367 жаңа мектеп салу жоспарланған
300 мыңнан астам оқушы орны ашылады
Жоба «Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асады
Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі
Денсаулық сақтау
Медицина нысандары жаңарады
32 аудандық орталық аурухана жаңғыртылады
Жаңа көпбейінді ауруханалар салынады
Ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылым күшейеді
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жүзеге асады
Жасыл энергия
Жел мен күн электр станциялары
2026 жылы жаңа ЖЭК нысандары іске қосылады
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында жобалар жоспарланған
Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу стратегиясы аясында
Халықаралық деңгей
2026 жыл – Халықаралық еріктілер жылы
БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми шешімі
Қазақстан бастамасымен ұсынылған
Елде волонтерлік жобалар мен әлеуметтік бастамалар көбейеді
Салық және қаржы
2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді
ҚҚС – 16%
Міндетті ҚҚС тіркеу шегі – 40 млн теңге
Жеке табыс салығы – прогрессивті жүйе
• 33,5 млн тг дейін – 10%
• 33,5 млн тг жоғары – 15%
Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке:
2026 ж. – 5%, 2027 ж. – 10%
Әлеуметтік төлемдер
Зейнетақы мен әлеуметтік көрсеткіштер өседі
Зейнетақы төлемдері 10% ұлғаяды
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы жеке табыс салығынан босатылады
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге
Әлеуметтік төлемдер көлемі қайта есептеледі
Жұлдыз Шорманова