Қазақстанда 2026 жылы минималды зейнетақы көлемі өседі. Мемлекеттік бюджет жобасына сәйкес, ол 69 049 теңге болады. Қазіргі кезде минималды зейнетақы 62 771 теңге, яғни өсім – 6 278 теңге, деп хабарлайды TengriNews.
Базалық зейнетақы да артады: 2025 жылы ол 32 360 теңге болса, 2026 жылы 35 596 теңгеге жетеді, өсім – 3 236 теңге. 2018 жылдан бастап базалық зейнетақы әр азаматқа жеке тағайындалады, оның ішінде зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі есепке алынады.
Зейнетақы қалай қалыптасады:
• Солидарлық зейнетақы – 1998 жылға дейін жұмыс істеп, ескі жүйеге аударым жасағандарға мемлекеттен төленеді;
• Базалық зейнетақы – барлық зейнеткерлерге тағайындалатын тұрақты төлем;
• Жинақтаушы зейнетақы – азамат өз қаражатын ЖЗҚ-да жинайды, ай сайын жалақының 10%-ы жеке шотқа аударылады.
2026 жылы индексациядан кейін минималды зейнетақы 104 645 теңге, ал максималды зейнетақы – 238 412 теңге болады.
Орташа көрсеткіштер:
• Орташа зейнетақы: 2026 – 103 687 теңге, 2027 – 108 940 теңге, 2028 – 113 995 теңге;
• Орташа базалық зейнетақы: 2026 – 54 082 теңге, 2027 – 58 276 теңге, 2028 – 61 527 теңге.