Мәжіліс мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын лицензиялау тәртібін енгізуді қарастыратын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Бұл өзгерістерді Оқу-ағарту министрлігі ұсынған.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық балабақшалар өз қызметін бастау үшін арнайы лицензия алуға міндетті болады. Бұл қадам мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға бағытталған.