Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 27 маусымда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп көрсетілген Құжатта.
Отырыс барысында депутаттар ел өміріне қатысты маңызды мәселелерді талқылайды.