Қазан айының басынан бері алғаш рет АИ-95 маркалы бензиннің бағасы 300 теңге межесінен асты. Бұған дейін мұндай баға тек бір желіде тіркелсе, енді ірі жанармай құю станциялары да бағаны көтере бастады. Бұл жөнінде digitalbusiness.kz хабарлады.
Бүгін таңертең Royal Petrol желісінде АИ-95 литрі 300 теңгеден сатыла бастады (+5 теңге).
Қазіргі бағалар:
-
АИ-92 – 238 теңге (бұрын 235);
-
АИ-95 – 300 теңге (бұрын 295);
-
АИ-98 – 350 теңге;
-
Дизель отыны – 331 теңге.