13 мамырда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді.
Министр президентке атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілген.
Аида Балаева ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарымен бөлісті.
Кездесу соңында мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді. Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау және аталған саланы жедел дамыту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.