Бүгін Самара – Шымкент бағытындағы автожолдың Белқопа ауылы маңында ірі жол апаты болды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Алдын ала мәлімет бойынша, DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» шағын автобусы соқтығысып, салдарынан 12 адам – екі жүргізуші мен «ГАЗельдің» 10 жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.
Тағы 5 адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен болуы мүмкін.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.