Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында екі ауланы су басып, 74 адам эвакуацияланды.
Ауылда қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты екі аула учаскесін су басып, Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туындады.
"74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды, Медициналық көмек қажет болмады", – деп хабарлады облыстық ТЖД.