24 шілде, таңғы 8:47-де Жетісу облысы, Алакөл көлі маңынды жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.
Жерасты дүмпуі Сарқан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 124 шақырым жерде, ал қазақстандық деректерге сәйкес, Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің магнитудасы шамамен 3,7–3,8 аралығында болған.
Автор: Бекарыс Сейдахмет