Мамдани 1991 жылы Уганда астанасы Кампалада туған. Әкесі — белгілі зерттеуші әрі профессор Махмуд Мамдани, анасы — танымал режиссёр Мира Наир. Болашақ мэр 7 жасында ата-анасымен АҚШ-қа көшіп, Нью-Йоркте өскен. Кейін Bowdoin College оқу орнында білім алған.
Саясатқа бірден көктен түспей, төмен санатты әлеуметтік сатылардан бастаған: Нью-Йоркке келіп қоныстанған мигранттарға құқықтық-тұрмыстық кеңесші болып жұмыс істеумен де айналысқан. 2021 жылы Нью-Йорк штатының Ассамблеясына Астория (Queens) округінен депутат болып сайланған. Сол кезде бюджет, жалға беру, қоғамдық көлік мәселелерін үздіксіз көтеруімен көзге түскен.
2025 жылғы сайлауда ол бұрынғы губернатор Эндрю Куомо бастаған «ауыр салмақты» саясаткерлерді артта қалдырып, Нью-Йорк мэрі атанды. Мамданиді қолдаған азаматтардың басым бөлігі — жалдау ақысы жыл сайын аспандап жатқан мегаполистің әлеуметтік қысымын нақты сезініп жүргендер. Қолдаушылар оны «элитадан шықпаған», «өзімізден» деп қабылдады. Кампанияның негізі — rent freeze (жалға алу бағасын тоқтату), қолжетімді баспана, және қоғамдық автобусты тегін ету секілді әлеуметтік бағыттар болды.
Жеңісіне ең үлкен себеп — өзгеріс күткен электораттың шыдамы. Қала халқы: «баяғы саяси фамилиялардан шаршадық, нақты тұрмыстық проблеманы сөйлейтін жас мэр керек» деген ойда болды. Мамданидың жеңісі — соның көрінісі.
Дулат Абдраманов