Алматы қалалық мәслихатының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 24 мамыр күні сағат 12:00-де Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымындағы депутаттарының жиналысы өтеді.
Жиынның мақсаты – қала әкімін тағайындауға келісім беру.
— Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігін хабарлайды, — делінген хабарламада.
Жиналыс Республика алаңы, 4 мекенжайында өтеді.
Айта кетейік, Ерболат Досаев Алматы қаласын 2022 жылғы 31 қаңтардан бастап басқарып келеді.