22 желтоқсанға қараған түні Алматы қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезді.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулерінің сезілу күші 2 балды құраған. Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының деректеріне сәйкес, жер сілкінісі 22 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 02:16-да тіркелген.
Жерасты дүмпулерінің ошағы Қытай аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары – 41,23 градус солтүстік ендік, 78,87 градус шығыс бойлық. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,0-ге тең, энергетикалық класы K=11,5.
Мамандардың айтуынша, Алматы қаласында жер сілкінісі әлсіз деңгейде сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.