10 тамыз күні Алматыда әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес өзінің көптен күткен концертін өткізеді. Оған байланысты қалада бірқатар көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Қалалық полицияның мәліметінше, жолдар сағат 16:00-ден бастап жабылады. Атап айтқанда:
Байтурсынов көшесі – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
Сәтбаев көшесі – Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;
Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.
Автор: Бекарыс Сейдахмет