Басты жаңалықтар

Алматыда робототехникадан халықаралық олимпиада өтеді

Редакция 19 маусым 2024, 03:22
Алматыда робототехникадан халықаралық олимпиада өтеді

Биыл тамыз айында Алматыда 2024 FIRST® GLOBAL Challenge Central Asia атты роботехникадан олимпиада өтеді. Жеңімпаз команда 26-29 қыркүйек аралығында Грецияның Афина қаласында өтетін First® GLOBAL Challenge финалына жолдама алады. 

 FIRST® GLOBAL Challenge - әлемнің әртүрлі елдерінен келген жастар қатысатын робототехника бойынша халықаралық жарыс. Жарыстың мақсаты-жастарды ғылымды, технологияны, инженерияны және математиканы (STEM) үйренуге шабыттандыру және жаһандық мәселелерді шешуге қажетті дағдыларды дамытуға ықпал ету.  

Биылғы жарыстың негізгі тақырыбы тұрақты азық – түлік өндірісімен байланысты, өйткені қауіпсіз және тиімді азық-түлік өндірісі ХХІ ғасырдың өзекті тақырыптарының бірі болып табылады. Қатысушылар алдында әділ, қауіпсіз, қоректік және экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін кедергілер мен мүмкіндіктерді зерттеу және қарастыру міндеті тұр.  

Астанадағы дарынды ер балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейінің оқушыларынан тұратын quattuor командасы Central Asia First®️ Global Challenge 2024 беделді байқауына қатысуға іріктеуден өтуде. Бұл маңызды оқиға қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Орталық Азия жастарын біріктіреді. Quattuor командасының құрамына Ержан Байбек, Қасымжан Ғалиаскар, Әнуарбекұлы Ілияс, Ниязбек Мұхамеджан және Исин Салахаддин кірді.  

Балалар азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін мұқият зерттеп, қоректік және қауіпсіз тағамға қолжетімділікті жақсартуға бағытталған инновациялық шешім әзірледі. Олардың жобасы ағымдағы жағдайды талдауды, ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру шешімдерін ұсынады. First® Global Challenge-ге қатысу Қазақстанда және Орталық Азияның басқа да елдерінде STEM-білім берудің елеулі дамуына ықпал етеді. Байқау оқышыларды STEM пәндерін терең зерттеуге ынталандыру арқылы ғылым мен техникаға деген қызығушылықты арттырады, нәтижесінде ғылыми білім мен технологиялық сауаттылықтың жалпы деңгейі артады.

Жарнама