Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл жаңажылдық мерекелік отшашу дәстүрлі түрде «Астана» алаңында ұйымдастырылады.
Фейерверк демеушілер есебінен қаржыландырылып, 31 желтоқсан түнгі сағат 00:00-де басталады. Дәл осы алаңда мерекелік негізгі концерт те өтеді деп жоспарланған. Салтанатты іс-шара кешкі сағат 18:00-де басталып, түнгі 00:30-ға дейін жалғасады.
Концерт барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.