Алматыда кәмелетке толмағандарға арналған түзету мекемесінде жасөспірімнің қашуға талпынғаны анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, мекеме қызметкерлері сотталған жасөспірімді дер кезінде ұстаған.
– Кәмелетке толмағандарға арналған мекемеде сотталған адамның қашуға әрекеттенуі дер кезінде тоқтатылды. Ол жедел түрде ұсталды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу басталды, – делінген комитеттің хабарламасында.