Алматыда Құрлық әскерлерінің Әскери институтында 44 жастағы әскери қызметшінің мәйіті табылды. Ішкі істер министрлігі өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та Әскери институтта 44 жастағы сержанттың қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.