Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде отбасылық жанжал салдарынан әйел адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға көпқабатты үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін өзі сол үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен.
«Аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.