Қайғылы оқиға 2 маусым күні тіркелді. Полиция мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус ақпараттық тақта бағанына соғылған. Салонда болған он жолаушы түрлі жарақат алған. Олардың бірі — 8 жасар Алуа екі аяғынан айырылды.
Қыз бала көпбалалы отбасынан шыққан. Анасымен және бауырларымен жалдамалы пәтерде тұрады. Әкесі отбасына қолдау көрсетпейді. Қазір анасы қызын аман алып қалу үшін бар күшін салып жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дулат Абдраманов