Мемлекеттік балабақша меңгерушісі 13 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Оған шаруашылық істері жөніндегі орынбасары көмектескен.
Прокурор сотталушыларды мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Балабақшаның бұрынғы қызметкерлері кінәсін мойындап, келтірілген залалдың орнын толтырды. Сол үшін сот айыпталушыларға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.