29 шілде күні түнде Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы Алаш тас жолы маңында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонында өрт шықты. Қоқыс үйінділері тұтанып, өрт шамамен 1200 шаршы метр аумақты шарпыды.
Аталған өрт туралы хабарлама кешкі уақытта келіп түскен. Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) мен жергілікті атқарушы органдар күштері жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, өрттің шығу себебі анықталып жатыр, алайда зардап шеккендер жоқ.
Автор: Әмір Жәнібек