Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада LRT-ның сынақ режиміндегі іске қосылуы қыркүйек айына жоспарланғанын хабарлады. Алғашқы пойыздар пилоттық режимде жолға шығады.
Сынақ мерзімі үш айдан алты айға дейін жалғасады. Осы кезең аяқталған соң толыққанды іске қосу күні анықталады. Алдын ала болжам бойынша, LRT тұрақты түрде 2026 жылдың басында жұмысын бастауы мүмкін.
Жобада бір реттік жолақы құны 200 теңгеге дейін деп қарастырылған, алайда түпкілікті тариф кейін бекітіледі.
Дулат Абдраманов