Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуіне орай, аталған учаске 30 маусымға дейін жартылай жабылады. Бұл кезеңде көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жақ бөлігімен қамтамасыз етіледі.

Аумақта қажетті жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылды. Қалалық әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол жүрісі қауіпсіздігін сақтауды сұрайды.