Елордада түнгі сағат 21:00-ден 04:00-ге дейін маса-шіркейлердің таралуына қарсы дезинсекция жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қала әкімдігі тұрғындардан түнде терезелерді жауып қоюды сұрады.
Сондай-ақ маса-шіркейді улайтын орындарға, яғни адам көп жиналатын саябақ, жағалау, скверлерге баруды шектеуді ескертті.
"Дезинсекция жұмыстары сәуірден қыркүйекке дейін ай сайын 15 күн ішінде алты кезеңде жүзеге асырылады. Жұмыстарға 100-ге жуық адам, бүрку бойынша арнайы көлік, термогенераторлар тартылады. Агроуниверситетпен бірлесіп, ғылыми қызметкерлерден масалардың түрлерін зерттеу және олардың көбеюі, қажетті жұмыстарды құру жөніндегі штаб құрылды", – делінген әкімдік хабарламасында.
«Столичная дезинфекция» ЖШС қала орталығынан ашық станцияларды – саябақтарды, скверлерді, көшелерді, тұрғын алаптарды өңдеудің үшінші кезеңін аяқтады.
Қазір жаппай өсудің алдын алу мақсатында таяз су қоймалары мен сулы-батпақты жерлерді масалардың дернәсілдік формасын улап жатыр.
Сонымен қатар әкімдік кіреберістер мен жертөлелерді өңдеуді ПИК (пәтер иелері кооперативі) және МИБ-тер (мүлік иелерінің бірлестігі) жүргізуі керек екенін атап өтті.