Астана полиция департаменті Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаштың өзін және қонаққа келген әпкесін ұрып-соққанын айтқан болатын.
9 мамырда әйел Астанаға оралды. Қауіпсіздік үшін Карина балаларымен дағдарыс орталығына орналасты.