Бүгін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Мәртебелі мейманды Астана әуежайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Сапар барысында мемлекет басшылары екіжақты келіссөздер өткізеді және Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді деп жоспарланып отыр.
Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттардағы ынтымақтастық мәселелері қаралады.