Түркістан Облысы Білім басқармасының “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” және “Білім-Инновация” Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мұғалімдерге арналған «Дарынды оқушыларды анықтау және олармен білім олимпиадасына дайындалу әдіс-тәсілдері мен стратегиясы» форумы өтті.
Форумда еліміздің ең үздік мамандары спикер ретінде қатысып, өз тәжірибесін бөлісті:
✨ Муаммер Гюль — Гиннес рекордтар кітабына енген ұстаз-математик,
оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық додаларда жалпы саны 3013 медаль жеңіп алған, халықаралық деңгейдегі педагог.
✨ Жігер Тілеуқанов — «Қазақстанның Үздік мұғалімі – National Teacher Prize 2021»,
Global Teacher Prize 2023 номинанты, Qundylyq.kz компаниясының бас директоры.
✨ Ғани Нұрғожаев — “Білім-инновация” Халықаралық қоғамдық қорының кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы. Times Higher Education (THE) халықаралық ұйымы тарапынан аккредиттелген кәсіби бағдар беруші маман. Кәсіби бағдар беру саласы бойынша 20-дан астам мемлекетте халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламаларынан өткен педагогика-психология ғылымдарының магистрі.
✨Индира Икапова — Түркістан «Оқушылар сарайының» директоры, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі
✨Еркебұлан Орынбасар — Түркістан «Білім-инновация» лицейінің» мұғалімі әрі кәсіби бағдар беруші.
Форум ұстаздарға жаңа идеялар, тәжірибе алмасу алаңы және дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын ұсынды.
Болашақ олимпиада жүлдегерлерін қалай тәрбиелеуге болады?
Редакция
13 желтоқсан 2025, 12:43
Сурет авторы: ortcom.kz
Жарнама