Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қосанов Дәурен Жұматайұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметіне алғаш рет 2025 жылдың маусымында тағайындалған.
Оған дейін, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап, Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарды. Ал 2022 жылдың желтоқсанынан бастап Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болған.