Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістан мен Бангладеште Нипах вирусының жаңа ошақтарының пайда болу қаупі туралы ескертеді. Вирустың негізгі тасымалдаушысы - жарқанаттар. Ауру адамдармен, жануарлармен байланыс жасау немесе ластанған тағамдарды тұтыну арқылы жұғады. Бұл туралы Shyndyk.kz хабарлайды.
Мамандардың мәліметінше, аталған вирустан болатын өлім-жітім деңгейі 40%-дан 75%-ға дейін жетеді.
Батыс Бенгалия штатында қазірдің өзінде ауру жұқтырудың бес жағдайы тіркелген, олардың арасында медицина қызметкерлері де бар. Науқастармен байланыста болған 100-ге жуық адам қатаң бақылауға алынды.
Қазіргі таңда Нипах вирусына қарсы ешқандай вакцина немесе арнайы терапия жоқ.