Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» сайтында емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын жариялады.
Атап айтқанда, департамент 2024 жылдың 10 тамызынан бастап 2025 жылдың 1 ақпанына дейін стоматологиялық қызметке (тісті протездеу, имплантациялау) зейнетақы төлемдерінен төлеуге мүмкіндік беретін норманы уақытша тоқтатпақшы.
Бұдан бөлек, енді бір реттік зейнетақы төлемін баланың еміне пайдалануға болады.
Бұйрықты талқылау 7 тамызға дейін жалғасады.