22 шілде күні «Мейкин Азия» халықаралық фестивалінің жабылу салтанатында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенге Қырғыз Республикасының «Халық әртісі» құрметті атағы берілді.
Бұл туралы тиісті жарлыққа Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қол қойған. Марапатты әншіге елдің мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.
Фестиваль аясында Димаш Құдайберген көрермендерге арнап концерттік бағдарлама ұсынды.
Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның «Халық әртісі» атағы берілді
Дулат Абдраманов
23 шілде 2025, 07:21
Сурет авторы: dimashnews.com
Жарнама