Молдовада өткен EJOI-2024 Информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы өз мәресіне жетіп, еліміздің атынан барған "Білім-Инновация" лицейінің екі оқушысы мен Назарбаев зияткерлік мектебінің бір оқушысы, Республикалық физика-матеаматика мектебінің бір оқушысы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды:
Алтын медаль – Мансұр Мамадахунов, Қызылорда облыстық С. Шаухаманов атындағы «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Алтын медаль – Жан Анри, Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебінің» 9-сынып оқушысы.
Күміс медаль – Исатай Исмағзи, Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Қола медаль – Арнұр Нұрғазин, Семей қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 8-сынып оқушысы.
Команданы дайындаған жетекшілер: Темірлан Сатылханов, ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Альтаир Ашуров, Назарбаев Университетінің студенті, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.
Естеріңізге салсақ, алдыңғы жылы EJOI-2023 олимпиадасында біздің жас бағдарламашыларымыз бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын.
EJOI-2024 Информатика олимпиадасында ел атынан барған төрт оқушы да жүлделі болды
Редакция
20 тамыз 2024, 20:49
Жарнама