30 шілдеде Монреаль қаласында (Канада) WTA-1000 санатындағы ірі теннис турнирі бастау алды. Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина жарыстағы алғашқы кездесуін америкалық Хейли Баптистке қарсы өткізді.
Кездесудің алғашқы партиясы небәрі 36 минутқа созылып, 6:3 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді. Екінші сетте де ол өз үстемдігін көрсетіп, 37 минутта 6:4 нәтижесімен матчты жеңіспен аяқтады.
Ойын 1 сағат 13 минутқа созылып, қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Матч барысында Елена Рыбакина 11 эйс жасап, 3 қос қате жіберді және 2 брейк-пойнтты сәтті жүзеге асырды.
Автор: Бекарыс Сейдахмет