Елімізге дәрі-дәрмек әкелу тәртібіне өзгеріс енгізілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Енді бірыңғай дистрибьютор өндірушілермен тікелей шарт жасасатын болады. Бұл делдалдарды алып тастаудың есебінен дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Ведомство ішкі тергеу жүргізіп, жүйелі кемшіліктер барын, сондай-ақ тиісті бақылаудың жоқтығын анықтады. Нәтижесінде бірқатар басшы қызметінен босатылды.
Бұл шаралар халықты сапалы әрі қауіпсіз дәрі-дәрмекпен қамтуға, отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.