Биыл елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға әлемнің 58 елі ниет білдірді.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Премьер-Министрдің өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылғанын мәлімдеді.
«Қазір V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жөнінде дайындық жүріп жатыр. «Қазспортинвест» АҚ базасында ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы құрылды. Ал, 10 қаңтарда ВИК стилінде қаланы безендіру бағдарламасы басталды. Осы кезге дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 58 ел қатысатынын растады», - деп мәлім етті Аида Балаева.