Қазақстанда 2026 жылғы сәуір айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелді. Бұл наурыз айымен салыстырғанда 23,4%-ға көп, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Сәуірде наурызбен салыстырғанда Атырау облысынан басқа барлық өңірде өсім байқалды. Ең жоғары көрсеткіш Ұлытау (+55,8%), Қызылорда (+49,4%) және Абай (+45,7%) облыстарында тіркелген.
Алайда былтырғы сәуірмен салыстырғанда көрсеткіш төмен. 2025 жылдың сәйкес кезеңінде 36 839 мәміле жасалған, бұл биылғы көрсеткіштен 4,6%-ға көп.
Өңірлік бөліністе жылдық өсім Түркістан облысында ең жоғары (+41,5%) болса, Ұлытау облысында керісінше 28,6%-ға төмендеген. Сонымен қатар 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларындағы жалпы мәмілелер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға азайған.
Сарапшылардың бағалауынша, нарықта қысқа мерзімді жандану байқалғанымен, толық қалпына келу әлі орын алған жоқ.